ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Консольге ақпаратты шығару үшін кіріктірілген print () функциясы бар. Бұл функцияны шақырған кезде, алынған мән жақшаға беріледі:
print("STEM bilim beru")
Осы кодтың нәтижесінде «STEM bilim beru» сөзі шығады.
Консольге ақпаратты шығару үшін кіріктірілген print () функциясы бар. Бұл функцияны шақырған кезде, алынған мән жақшаға беріледі:
print("STEM bilim beru")
print("STEM tasil")
Мұнда print () функциясы екі мәтінді де шығарады. Сонымен қатар, консольге шыққан әр мәтін жеке-жеке жолға орналастырылады.
Print () функциясының бұл мүмкіндігі кейде ыңғайсыздық тудырады. Мысалы, егер барлық мәтіннің бір жолда болғанын қаласақ, ол функцияның әрекетін end параметрімен реттеуді талап етеді. Ал, бұл параметр ең соңында шығатын жолға қосылатын таңбаларды орнатады және End параметрін қолданған кезде print () функциясын шақыртады:
print(мәні, end = соңғы_символдар)
End келесі жолға аударманы орнататын «\n» белгісіне тең. Шын мәнінде, print () функциясы берілген мәнді бөлек жолда шығарады. Яғни, осының нәтижесінде мәтін пробел арқылы бөлінеді:
print(«STEM bilim beru», end=» «)
print(«STEM tasil» end=» «)
Консольді енгізу
Мәліметтерді консольге шығарумен қатар, қолданушының дерекетерін енгізіле аламыз. Ол үшін Python-да input () функциясы қолданылады. Бұл функция орындалуы үшін функцияны шақырамыз:
name = input("Aty-joninizdi engiziniz")
print(f"Aty-joni: {name}")
Бұл жағдайда input() функциясына «Атыңызды енгізіңіз: » деген жол түріндегі сұраныс беріледі. Функцияның нәтижесі — пайдаланушы енгізген мән name айнымалысына жазылады. Кейін осы айнымалының мәнін print() функциясы арқылы консольге шығара аламыз.
Бақылау сұрақтар:
- Консольға шығарылатын мәтін бірнеше жолдан тұрса, қандай комманда қолданамыз?
- Input () функциясының нәтижесін қандай функцияға жазамыз?