ЦИКЛДЫҚ ОПЕРАТОРЛАР: FOR ЖӘНЕ WHILE
Программалау тілдерінде алгоритмнің белгілі бер бөлігі шартқа сәйкес бірнеше рет қайталануы үшін циклдер қоладанылады. Python программалау тілінде циклдердің 2 түрі бар:
- while
- for
While циклы шарттың ақиқат немесе жалғандығын тексереді, егер ақиқат болған жағдайда циклдың өрнектері орындалады. While циклын келесідей сипаттауға болады:
while <салыстыру амалдары>:
<өрнек-1>
…
<өрнек-N>
while кілттік сөзінен кейін салыстыру амалдары жазылу керек. Шартты өрнектердегідей салыстыру амалдарынан кейін қос нүкте қою арқылы циклға қатысты өрнектер тізбегін сипаттаймыз. Циклдың ішкі өрнектері ретінде қос нүктеден кейінгі жолдарды әр бір 4 бос орын қалдырылған немесе табуляция көмегімен жылжытылған өрнектер толықтай while циклының өрнектері болып табылады. Мысалы:
multipl_num = 2
counter = 1
while counter <= 10:
print(f'{multiple_num}*{counter}={multiple_num*counter}')
counter += 1
Талдау! Бұл мысал арқылы көбейту кестесін консольға шығарамыз. Алғашқы жолда multiple_num айнымалысына қай санның көбейту кестесін шығару керектігін көрсетеміз. Екінші жолда counter кілттік сөзі арқылы есептегіш жүргіземіз. while циклының ішінде екі өрнек орналасқан.
- Біріншісі — multiple_num айнымалысымен counter айнымалысының көбейтіндісі экранға шығарады.
- Екіншісі — counter айнымалысын бірге арттырады(инкремент).
For циклы бірнеше мәндер жиымынан, әр элементті жеке алып оны айнмылының ішіне сақтайды. Әрі қарай сол айнымалы арқылы for циклының денесінде әр түрлі өрнектер орындай аламыз. For циклын келесідей сипаттай аламыз:
for <айнымалы> in <жиым>:
<өрнек-1>
<өрнек-2>
…
<өрнек-N>
Сипаттамада көрсетілгендей for кілттік сөзінен кейін әр элементке берілетін айнымалы атауы көрсетіледі. Айнымалы атауынан кейін in операторы орналасады. Cоңғы болып жиымдар жазылады. Циклдың денесі while циклындағыдай келесі жолдан төрт бос орын немесе табуляция қойылып жалғастырылады. Мысалы:
for san in range(10):
print(san)
print('Sandar tizbegi aiyaqtaldy')
Тапсырмалар
- 1 апта ішіндегі температура қалай өзгереді?
Шарт: Соңғы жеті күн ішіндегі температерура деректерін енгізу. Температура деректерін талдайтын және орташа температурасын шығаратын программа жасаңыз.
STEM: Метеорология, информатика, статистика.
Енгізу мәліметтері | Шығару мәліметтері |
6 7 7 5 5 6 | 6 |
- Бір апта аралығында адамның орташа ұйқыға бөлетін уақыты қандай?
Шарт: Бір апта ішінде адамның ұйқы уақыты туралы деректерді талдайтын және ұйқының орташа сағатын шығаратын программа жасаңыз.
STEM: Биология, информатика, статистика.
Енгізу мәліметтері | Шығару мәліметтері |
08:00 08:20 07:50 |
- Физикалық дененің құлағанда жүріп өтетін жолын қалай есептеуге болады?
Шарт: Құлаған дененің әр секундта жүріп өткен жолын есептейтін программа жазыңыз:
,
Мұндағы:
,
t — 1-ден 10 секундқа дейінгі диапазонда өлшенеді
STEM: физика, геометрия
Енгізу мәліметтері | Шығару мәліметтері |
=1 =n |
- Радиоактивті ыдыраудан кейін қалған заттың мөлшерін қалай болжауға болады?
Шарт: Радиоактивті заттың ыдырауын модельдейтін программа жасаңыз. Әр 10 секунд сайын оның мөлшері екі есе азаятынын ескеріңіз. Заттың массасы бастапқы массаның 1% — дан аз болғанша процесті модельдеу үшін циклді пайдаланыңыз.
Радиоактивті ыдырау заңы — атом ядроларының әр түрлі бөлшектер мен сәулелер шығара отырып, өздігінен түрлену заңы.
Мұндағы:
— t уақыттағы заттың массасы,
– заттың бастапқы массасы,
t- өткен уақыт (с),
T — жартылай шығарылу кезеңі (масса екі есе азаятын уақыт)
Әр секунд сайын T 2-ге бөлінеді.
STEM: химия, физика
Енгізу мәліметтері | Шығару мәліметтері |
t=1 T=10 с =100 г | Уақыт: 0 с Масса: 100 г Уақыт: 10 с Масса: 50 г Уақыт: 20 с Масса: 25 г |
- Тәулік ішінде ауа температурасы қаншалықты өзгереді?
Шарт: 1 тәулік ішінде температураның өзгеруін модельдейтін программа жазыңыз. Мысалы, түнде температура төмендейді, ал күндіз синусоидалық заңы бойынша көтеріледі.
Синусоидалық заң – бұл шаманың өзгеруін сипаттайтын заң, ол синусоидалық функция арқылы өрнектеледі:
Мұндағы:
- — h уақытындағы температура (тәулік сағаты),
- A — температураның өзгеру амплитудасы,
- — тәулік ішіндегі орташа уақыт,
- h — ағымдағы сағат (0-ден 23-ке дейін)
- π=3.14
STEM: география, астрономия
Енгізу мәліметтері | Шығару мәліметтері |
A =10℃ =15℃ h=24 | T=157 |
🎓 STEM тұрғысынан бұл жоба не үйретеді?
STEM құрамы | Қолданылуы |
S – Science | Радиоактивті ыдырау, метеорологияда апта ішіндегі температура деректерін жинау, физикалық заңдылықтар |
T – Technology | Python-да while және for циклдарын қолдану арқылы үлкен деректер жиынтығын өңдеу және талдау жасау |
E – Engineering | Дененің қозғалысын және температура динамикасын инженерлік тұрғыда бағалау үшін модель параметрлерін оптимизациялау |
M – Math | Арифметикалық амалдарды циклдар ішінде ұтымды қолдану арқылы статистикалық орташа, экспоненциалды және тригонометриялық функцияларды есептеу |
Бақылау сұрақтары:
1. Циклдің негізгі қызметі қандай?
2. Циклға қатысты өрнектерді сипаттау жолы қандай?
3. For циклінде айнымалыны сиппату жолы қандай?