ШАРТТЫ ОПЕРАТОРЛАР
Шартты өрнектер тақырыбына дейінгі тақырыптардың барлығы тізбектелген алгоритм бойынша орындалатын есептер еді. Бұл тақырыпта біз белгілі бір шартқа тәуелді есептерді шешетін боламыз. Ол үшін шартты өрнектерді қолданатын боламыз. Шартты өрнектер if кілттік сөзі арқылы жүзеге асады. if кілттік сөзінен кейін салыстыру амалдары жазылады (Кесте-4).
Кесте-4. Салыстыру амалдарының түрлері
Салыстыру белгісі | Атауы | Анықтама |
== | Тең | Мәндер бір-біріне тең болған жағдайда True қайтарады. |
!= | Тең емес | Мәндер бір-біріне тең болмаған жағдайда True мәнін қайта қайтарады. |
> | Үлкен | Алғашқы мәні келесісінен үлкен болса, True мәнін қайта қайтарады. |
< | Кіші | Алғашқы мәні келесісінен кіші болса, True мәнін қайтарады. |
>= | Үлкен немесе тең | Алғашқы мәні келесісінен үлкен немесе тең болса, True мәнін қайта қайтарады. |
<= | Кіші немесе тең | Алғашқы мәні келесісінен кіші немесе тең болса, True мәнін қайта қайтарады. |
Сонымен қатар күрделі өрнектерді құру үшін логикалық амалдар қолданылады (Кесте-5)
Кесте-5. Логикалық амалдардың түрлері
Қолданылуы | Атауы | Анықтама |
and | және | Шарттардың барлығы орындалған жағдайда True мәнін қайтарады. Егер шарттардың біреуі орындалмаса False мәнін қайтарады. |
or | немесе | Шарттардың біреуі орындалатын болса True мәнін қайтарады |
not | емес | Шарт орындалып True қайтарылған жағдайда, not логикалық амалы оны кері мәнге ауыстырады |
Шартты конструкциялар шартты өрнектерді пайдаланады және олардың мәніне қарай программаның орындалуын жолдардың біріне бағыттайды. Осындай конструкциялардың бірі if конструкциясы болып табылады. if шартты конструкциясын келесідей сипаттауға болады:
if <логиалық амалдар>:
өрнек - 1
өрнек - 2
[elif <логиалық амалдар>:
өрнек - 1
өрнек - 2]
[else:
өрнек - 1
өрнек - 2]
if кілттік сөзінен кейінгі логикалық амал True мәнін қайтаратын болса, келесі жолдан төрт бос орын арқылы немесе бір табуляция тастап if блогына тиісті өрнектерді жазамыз. Егер орындалмаған жағдайда ол else блогы орындалады. elif және else блоктары міндетті емес болып табылады. Егер if блогынан кейін elif немесе else блогтары сипатталмаса онда шартты өрнек аяқталып келесі өрнектерге көшеді. Мысалы:
v = int(input("Көлік жылдамдығын енгізіңіз: "))
if v <= 20:
print("Жәй жылдамдық")
elif v > 20 and v <= 40:
print("Қалыпты жылдамдық")
elif v >= 40:
print("Жоғары жылдамдық")
else:
print("Жылдымдық дұрыс енгізілмеді")
Талдау! Алғашқы жолда біз v айнымалысының ішіне қолданушы енгізген мәнді бүтін сандар түрінде сақтаймыз. Екінші жолда if кілттік сөзі арқылы шарт қоямыз. Егер шартқа сәйкес енгізген мәніміз 20-дан төмен болатын болса, терминалға «Жәй жылдамдық» сөзі шығады. Егер шарт орындалмайтын болса elif кілттік сөзі арқылы келесі шарттар тексеріледі. Енгізген мәніміз ешқандай шартпен сәйкес келмеген жағдайда else блогы орындалады.
Тапсырмалар
- Адамның дене салмағының индексін қалыпты өмірге қаншалықты әсер етеді?
Шарт: Дене салмағының индексі (BMI) — бұл медицинада адамның массасы мен бойының сәйкестігін бағалау және аурудың ықтимал қаупін анықтау үшін қолданылатын көрсеткіш. Нормалды салмақ: BMI 18,5-тен 24,9-ға дейін. Артық салмақ: BMI 25-тен 29,9-ға дейін. Салмақ жетіспесе: BMI 18,5-тен төмен.
Мұндағы:
M – адамның салмағы (кг),
H – адамның бойы ( )
STEM: математика, физика, биология
Енгізу мәліметтері | Шығару мәліметтері |
m=55 кг h=1.55 м | 22.9 |
- Егер сіз басқа елде болсаңыз, маусымды қалай анықтауға болады?
Шарт: Жыл мезгіліндегі 12 айға (қаңтар, ақпан, наурыз және т.б) байланысты жылдың 4 маусымын (қыс, көктем, жаз, күз) сәйкестендіруге болады.
STEM: физика, география
Енгізу мәліметтері | Шығару мәліметтері |
Ақпан Шілде | Қыс Жаз |
- Валюта айырбастау кезінде соманы қалай автоматты түрде есептеуге болады?
Шарт: Ағымдағы бағам бойынша ақша сомасын теңге валютасынан долларға және рубльға түрлендіретін программа жазыңыз. Қолданушы бастапқы соманы, бастапқы валютаны және мақсатты валюталарды енгізеді, ал программа соңғы соманы шығарады.
STEM: экономика, математика, статистика
Енгізу мәліметтері | Шығару мәліметтері |
KZT=500 | USD=1 RUB=84.56 |
- Санның жай екенін қалай тиімді тексеруге болады?
Шарт: Берілген диапазондағы жай сандарды табу. Алгоритмдерді салыстырмалы талдау. Қолданушы анықтаған ауқымдағы барлық жай сандарды табатын программаны жазады. Программа диапазонның бастапқы және соңғы мәндерін сұрайды, содан кейін сол диапазондағы жай сандардың тізімін шығарады.
Жай сан — 1-ден үлкен, бірақ 1 мен өзінен басқа сандарға бөлінбейтін, бүтін оң сан (мысалы: 2, 3, 5, 7, 11)
STEM: математика
Енгізу мәліметтері | Шығару мәліметтері |
=10 =33 | 11, 13, 17, 19, 23, 29, 31 Жай сандар — 7 |
- Санның құрама екенін қалай тиімді тексеруге болады?
Шарт: Қолданушы анықтаған ауқымдағы барлық жай сандарды табатын программаны жазады. Программа диапазонның бастапқы және соңғы мәндерін сұрайды, содан кейін сол диапазондағы құрама сандардың тізімін шығарады.
Құрама сандар — екіден көп бөлгіштері бар сандар құрама сандар деп аталады. Мысалы, 18 саны – құрама сан, бөлгіштері: 1, 2, 3, 6, 9, 18.
STEM: математика
Енгізу мәліметтері | Шығару мәліметтері |
=10 =33 | Құрама сандар саны — 17 |
6. Құпия сөзіңіз қаншалықты сенімді?
Шарт: Құпия сөздің қауіпсіздігін тексеретін программа жазыңыз. Егер құпия сөзде кемінде 8 таңба, бас әріп, кіші әріп, сандар мен арнайы таңбалар болса, онда құпия сөз сенімді болады, ал егер сәйкес келмесе сенімсіз сөзі шығуы керек саналады.
STEM: ақпараттық технология, киберқауіпсіздік
Енгізу мәліметтері | Шығару мәліметтері |
Bilimberu2025! STEM2025 | Сенімді Сенімсіз |
- Ағаштың сақиналарына байланысты жасын анықтауға болады ма?
Шарт: Ағаштың жылдық сақиналарының санын қабылдайтын (n) және сол арқылы ағаштың жасын анықтау. Егер жасы 30 дейін болса – жас, 60 дейін болса – орташа, 100 жастан асса – ескі екенін көрсететін программаны жазыңыз.
STEM: биология, экология
Енгізу мәліметтері | Шығару мәліметтері |
=28 =37 =69 | Жас Орташа Ескі |
- Студенттердің алған баллдарына сәйкес GPA балы қалай өзгереді?
Шарт: Студенттің бағаларын қабылдайтын ( ), сол баллға сәйкес минималды (min) және максималды (max) және орташа (avr) мәнді есептейтін программаны жазыңыз.
STEM: статистика, аналитика
S=90, 85, 75, 50 | min=50 max=90 avt=75 |
🎓 STEM тұрғысынан бұл жоба не үйретеді?
STEM құрамы | Қолданылуы |
S – Science | Физикадағы шартты модельдеу: үйкеліс пен ауырлық күштерін салыстыру, қозғалыстың тоқтауын анықтау |
T – Technology | Python-дағы шартты операторлар (if/elif/else, логикалық and/or/not) және math модулі арқылы әр түрлі есептерді (BMI, дата айырмашылығы, валюта түрлендіру және т.б) автоматтандыру |
E – Engineering | Алгоритмдік жобалау: шартқа тәуелді қозғалыс симуляциясы және модульдік функциялар арқылы мәселелерді шешу |
M – Math | Шартты операторлармен арифметикалық амалдардың басымдылығын (**, *, /, //, %, +, -) және жақшаларды қолдануды меңгеру |
Бақылау сұрақтары:
- If шартты операторынан кейін қандай амалдар қолданылады?
- Шарт орындалып True мәні орындалса, not логикалық амалы оны кері мәнге ауыстыратын қандай функция?
- if тен кейін орындалатын амал True мәнін қайтарса, келесі амал қалай орындалады?