АЙНЫМАЛЫЛАР ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР ТҮРЛЕРІ
Айнымалылар – белгілі бір мәліметтер түріне сәйкес мәнді сақтайтын шама. Программалау барысында мәліметтерді шығарып қана қоймай сонымен қатар, арнайы функция арқылы немесе меншіктеу арқылы мәліметтерді айнымалы көмегімен компьютер жадында сақтай аламыз. Компьютер жадына сақталған мәліметтерге қол жеткізу үшін айнымалыларға атау беріледі. Сол атау арқылы біз сәйкес мәліметтерді алуымызға болады. Айнымалы атауына қойылатын бірнеше талаптар бар:
- Айнымалы атауы негізгі латын әріптерінен немесе «_» белгісінен басталуы керек. Мысалы: name, Name, _name және т.б.
- Айнымалы атауының ортаңғы және соңғы бөлігінде негізгі латын әріптерін, сандарды және «_» белгісін қолдануға болады. Мысалы: number1, number_1, code_r2d2 және т.б.
- Python программалау тілінде тіркелген кілттік сөздерді айнымалы атауы ретінде қолдануға болмайды. Кілттік сөздер: and, as, assert, break, continue, def, del, if, elif, else, for, while, import, from, True, False, global, nonlocal, in, is, lambda, class, except, finally, None, not, or, pass, raise, try, with, yield.
Айнымалы ішіне сақталатын әр түрлі мәндерді мәліметтер түрлері деп атайды. Python программалау тіліндегі мәліметтердің түрін төрт санатқа бөліп қарастыруға болады:
- сандар;
- жолдар;
- құрылымдық.
Атауы | Анықтамасы | Мәндері |
boolean | Логикалық түрі | True, False |
int | Бүтін сандар | 1, 200, 314, 1023 |
float | Бөлшек сандар | 3.14, 2.6, 7.8 және т.б. |
str | Жолдар | «Salem alem», ‘Text’ |
list | Тізім | [1, «salem», True] |
tuple | Кортеж | (1, 2, True, «Text») |
dict | Сөздік | {«id»:1, «card_id»:101} |
set | Жиын | {‘abc’, 123, True} |
Аталған теориялық ақпараттармен толықтай танысу мақсатында төменде көрсетілген үлгіні компьютерде орындап көріңіз. Ол үшін бума ашып сол буманың ішіне sabaq_ainymaly.py файлын құрыңыз. Аталған файл ішіне келесі жолдарды теріңіз:
text = input("Аты-жөніңізді енгізіңіз: ")
print(name)
Терминалға Python sabaq_ainymaly.py теру арқылы, файлды Python программасының интерпретаторында орындауға жіберіңіз. Орындалу барысында терминалда «Аты жөніңізді енгізіңіз: » мәтіні шығады. Кез келген мәнді енгізіп «Enter» батырмасын бассаңыз, келесі жолға сіздің мәтініңізді шығарады.
Талдау: Файлды интерпретаторда орындау барысында ең алғашқы жолдағы input() функциясы орындалады. Ол жақша ішіне міндетті емес бір мәнді қабылдайды және сол мәнді терминалға шығарып сіздің мән енгізгеніңізді күтеді. input() функциясы — енгізу функциясы, сол себептіде енгізілген мәнді «=» белгісі арқылы text айнымалысының ішіне сақтайды. Келесі жолда print функциясындағы жақша ішіне text айнымалысы беріледі. print функциясы text айнымалысының ішінде сақталған мәнді экранға шығарады.
Ескерту! Жоғарыда көрсетілген үлгі арқылы біз мәліметтерді енгізудің екі түрлі әдісін қарастырдық.
- input() функциясы арқылы
- Теңдік «=» белгісі арқылы.
Егер программада бір ғана теңдік «=» белгісі кездессе оны меншіктеу деп атайды. Python программалау тілінде айнымалыға атау берерде регистрға назар аудару қажет. Мысалы, a және A айнымалылар әр түрлі болып есептеледі
Меншіктеу дегеніміз – теңдік «=» белгісінің оң жағындағы өрнекті сол жағына сақтау.
Бақылау сұрақтары:
- Айнымалалардың қанша түрі бар?
- elif, else, for, while т.с.с сөздеріді неге айнымалы ретінде қолдана алмаймыз?
- Айнымалыға атау берерде қандаф талаптарды ескеру қажет?