Stemapproach
  • Оқытудағы STEM-тәсіл
  • Python тілінде программалау негіздері
  • Компьютерлік графика және 3D модельдеу
  • Home
  • Компьютерлік графика және 3D модельдеу
  • Эйфель башнясын модельдеу
  • Жер Ғарыш Кемесі
  • Кілтке арналған брелок
  • Спиральді өрнектер
  • Жұлдызша
  • Маятниктік толқындар
  • Қысқыш кабель ұстағыш
  • Осминогті моделдеу
  • Кубик-пазл
  • Айналмалы шеңбер
  • Жиналмалы сақтау себет
  • Кілт ілгіш
  • Сәндік жұмыртқа
  • Спиральді ойыншық
  • Эйфель башнясын модельдеу
  • Дроньды модельдеу

Эйфель башнясын модельдеу

Мақсаты: Tinkercad-тың негізгі примитивтері мен hole функциясын пайдаланып қарапайым Эйфель мұнарасын дайындау.

Нәтижесі:

Сурет-44. Жоба нәтижесі

🧩 Жобаны орындау кезеңдері

1.     Tinkercad-қа кіру және жаңа жобаны бастау

— Tinkercad сайтына кіріңіз.

— Жаңа жоба ашыңыз: «Create new design».

  • Пирамида негізін орналастыру
    – Tinkercad-тағы жұмыс алаңына Pyramid фигурасын таңдап, оның негізінің өлшемін 65×65 мм, биіктігін 138 мм етіп орнатыңыз.
  • Пирамиданың төрт бетінде ойықтар (concave) жасау
    – Алдымен цилиндрді (Cylinder) алып, оны «hole» режиміне қойыңыз.
    – Әр бағытта (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс) 4 дана цилиндрді пирамиданың қасына орналастырып, Align құралымен дәл туралаңыз және Group арқылы біріктіріңіз.
  • Пирамиданың негізінде жартылай шеңберлі арка жасау
    – Round Roof фигурасын алып, өлшемін (ұзындығы 166 мм, ені 33 мм, биіктігі 20 мм) етіп қойыңыз.
    – Екі данасын “hole” етіп белгілеп, бірін – горизонталь, екіншін – вертикаль бағытта пирамиданың негізіне қиылыстырып орналастырыңыз.
    – Бәрін таңдап, Group жасаңыз.
  • Аркалардың үстіне көтеріңкі платформаны қосу
    – Box (cube) фигурасын алып, өлшемін 37×37 мм, биіктігін 8 мм етіп қойыңыз.
    – Оны аркалардың үстіне центрлеп орналастырып, Group арқылы пирамидалық құрылыммен біріктіріңіз.
  • Платформаның үстіне трапеция тәрізді ойықтар жасау
    – Roof фигурасын алып, оның астына “hole” кубын орналастырып, трапеция формасын қиып алыңыз.
    – Өлшемін 61×14 мм етіп түзеп, екі данасын горизонталь және вертикаль бағытта қойыңыз.
    – Таңдап, Group жасаңыз.
  • Жоғарырағы тағы бір бөлшек–кіші пирамида платформасы
    – Box фигурасын 25×25 мм, биіктігі 7 мм етіп алып, трапеция ойықтарынан үстігіне орналастырыңыз және Group арқылы біріктіріңіз.
  • Шпиль (ұшы) жасау
    – Pyramid фигурасын кіші өлшемде (17×17 мм негіз, биіктігі 8 мм) жасап, модельдің ең жоғарғы нүктесіне қойып, соңғы рет Group басыңыз.

🎓 STEM тұрғысынан бұл жоба не үйретеді?

STEM құрамыҚолданылуы
S – ScienceМатериалдардың беріктігі мен қатаю уақытын ескере отырып, құрылымның тұрақтылығы мен салмақ таралуын зерттеу (пирамиданың биіктігі мен тік қысымы).
T – TechnologyTinkercad-та Pyramid, Cylinder, Round Roof, Box, Roof және Hole құралдарын пайдаланып цифрлық модельдеу және STL форматына экспорттау.
E –EngineeringҚиықтар (concave) және аркалар арқылы жүктемені біркелкі тарату үшін конструктивті элементтерді жобалау; әр түрлі примитивтерді дәл туралау мен біріктіру.
M – MathПирамиданың әр деңгейінің өлшемдерін (65×65 мм → 37×37 мм → 25×25 мм), арканың қисаю радиусы мен трапеция формасының өлшемдерін дәл есептеу.

No comments yet! You be the first to comment.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Іздеу

Жаңа пікірлер

  • admin к записи STEM-білім берудің тарихы мен дамуы
  • Mr WordPress к записи STEM-білім берудің тарихы мен дамуы
Stemapproach 2025 жыл